«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2025 жылғы 20 сәуір күніне өкілеттігі аяқталуына байланысты:
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауданы Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтері әкімдерінің;
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қаратөбе ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің;
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Теректі ауданы Ақсоғым және Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдерінің;
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.