Меню

Страницы

Статья

Балалар қауіпсіздігі шараларын күшейту басымдық болып табылады

12 ақпанда облыс әкімдігінде өңір әкімінің орынбасары Қ. Е. Меңдіғалиевтің төрағалығымен кеңес өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - Астана қаласында кәмелетке толмағандармен болған қайғылы оқиға аясында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейту (балаға пышақпен психикалық тұрақсыз жасөспірімнің шабуылы). Кеңеске құқық қорғау органдарының, Орал қаласы әкімдігінің, денсаулық сақтау, білім басқармаларының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, БҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және басқалар қатысты.

- Заңнамалық деңгейде де, жергілікті жерлерде де шаралар қабылдау қажет екені анық. Біздің міндетіміз – өңірдегі тәуекелдерді азайту және осындай жағдайларды бұғаттау бойынша жүйелі жұмыстар кешенін анықтау. Медициналық, әлеуметтік, білім беру және ұйымдастырушылық шараларды біріктіруге ерекше назар аудару қажет. Барлық тәуекелдерді есептеу маңызды, - деді Қайыржан Ермекұлы жиналғандарға арнаған сөзінде.

Ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, отбасы мәртебесін арттыру, ерекше мұқтаж балаларды медициналық сүйемелдеу ерекшеліктері, тұрғын үй кешендерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тең мүмкіндіктер қағидаттарын сақтау, қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар енгізу, осы және басқа да мәселелерді жиналғандар талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар шығарылды.

Дата публикации
14 февраля 2025
Дата обновления
14 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы