Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Орал қаласы және Тасқала ауданы аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2025 жылғы 30 наурызға Орал қалалық мәслихатының №17, Тасқала аудандық мәслихатының №8 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау тағайындалғанын хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысы
аумақтық сайлау комиссиясы