2024 жылдын 4 тоқсанында ішкі аудит қызметі 2 жұмыс тобы құрамында 6 объектіде (Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарының әкімі аппаратары, «Орал қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ) тексерулер жүргізуге қатысты.
Сонымен бірге 2 аудит объектісінде аудиторлық іс-шаралар жүргізілуде: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (тоқтатылып тұр).
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2024 жылдың 4 тоқсанында ақпараттық жүйелердің деректеріне талдау жүргізіліп қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою туралы бюджет әкімшілеріне 4 хат жолданды (Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Тасқала ауданы әкімі аппараттарына).
ІАҚ