Меню

Страницы

Статья

Жылды қорытындылау

 

Ағымдағы жылдың 30 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Аталған отырыс жұмысына комиссия мүшелерімен қатар жергілікті жерлердегі комиссия төрағалары болып табылатын аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Отырыс барысында қатысушыларға Батыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Утебалиева Шаттық Саматқызы таныстырылып, куәлік табысталды. 

Одан әрі бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Оның ішінде құқық бұзушылық профилактикасы саласының ағымдағы жай-күйі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыстық комиссиямен қабылданған шаралар, олардың орындалу сапасы, қысқы каникулды ұйымдастыру, суицидтің, буллингтің, балалардың жарақаттануының алдын алу, пробациялық бапқылаудағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу туралы және басқа да мәселелер талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев өз баяндамасында бұл отырыстың істердің ағымдағы жай-күйін талдауға, кемшіліктер мен олардың салдарын нақтылауға, жұмыс перспективаларын, соның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «келеңсіздіктердің» алдын алу, болдырмау шараларын күшейтуге бағытталғанын, ағымдағы жағдай балалардың құқықтарын сақтау саласында проблемаларды алқалы түрде және нақты шешу қажеттігін айқындайтынын атап көрсетті. 

Дата публикации
30 декабря 2024
Дата обновления
30 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы