2024 жылғы 1 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының 7 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
1. Бәйтерек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
4 желтоқсандағы №88 шешімімен Абилкакимов Еркін Рустамұлы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1984 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылының тұрғыны.
2. Жәнібек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
2 желтоқсандағы №41 шешімімен Сарсенгалиев Аскар Маратович Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1983 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының тұрғыны.
3. Казталов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
4 желтоқсандағы №68 шешімімен Жұмағұлов Қайырлы Қыдырғалиұлы Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғыны.
4. Сырым ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
3 желтоқсандағы №1.30/113 шешімімен Кайргалиев Мирам Нурмагамбетович Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1985 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылының тұрғыны.
5. Тасқала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
3 желтоқсандағы №68 шешімімен Распаев Ержигит Хасанович Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1990 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мерей ауылының тұрғыны.
6. Теректі ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
5 желтоқсандағы №55 шешімімен Мадиев Сержан Салембаевич Теректі ауданы Құмақсай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1977 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны.
7. Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
2 желтоқсандағы №22 шешімімен Аубекеров Аккали Умбеткалиевич Орал қаласы Зачаган кентінің әкімі болып тіркелді. 1963 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны.