Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы

 

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсаны күні облыс әкімдігі ғимаратында Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Оған облыстық комиссия мүшелерімен қатар ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі, аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.    

Отырыс бағдарламасы бойынша маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж.П.Беккалиева өңірде әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту туралы баяндады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы БҚО филиалының жанындағы облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Л.А.Турсынова іскер әйелдер кеңесінің бизнеспен шұғылданып жүрген әйелдердің жекешелік өсуін қолдау және дамыту орталығы ретіндегі қызметі туралы баяндай келе, бірқатар конструктивті ұсыныстар енгізді.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы әйелдерге өзіндік өнімдерін қалыптастыруға және ілгерілетуге көмек көрсетуге бағытталған бастама болып табылады. Біздің облыста ол белсенді түрде меңгерілуде. Ақжайық, Бәйтерек аудандары және басқалары бұған дәлел бола алады. Дегенмен әйелдердің шығармашылық және креативті әлеуетіне қарамастан, қазіргі таңда олардың өнімдерін нарықта табысты ілгерілету және таратуды қамтамасыз ету үшін тиімді және ұйымдастырушылық шаралар қажет,-деп атап көрсетті Л.Турсынова.

Отырысқа қатысушыларға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығының» одан әрі жұмыс істеуіне қолдау көрсету ұсынылды, сондай-ақ басқа да ұсынбалар енгізілді. 

         Облыс әкімінің орынбасары, облыстық комиссия төрағасы К.Мендигалиев өз баяндамасында «әйелдер отандық экономика дамуының шешуші күштерінің бірі екенін тағы да атап өткен жөн. Осыған байланысты біздің, мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және үкіметтік емес сектордың міндеті әйелдерді, олардың бай әлеуетін Мемлекет басшысымен бағдарланған экономикалық саясатты іске асыруға белсенді түрде тартуға жан-жақты ықпал ету,- деп атап көрсетті.      

Отырысқа қатысушылар ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен елімізде іске асырылып жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» ақпараттық акциясын өткізуге бас назар аударды.   

Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары А.К.Дүйсекенов және БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Б.Шукеева отырысқа қатысушыларға аталған акция 25 қараша - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күні басталып, 10 желтоқсан – Адам құқығы күні аяқталатынын, облыста оны өткізу бойынша ауқымды жоспар бар екенін, оны іске асыруға мемлекеттік құрылымдар, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар және БАҚ қатысатынын жеткізді.

«Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Г.Искалиева, Казталов және Шыңғырлау ауданы әкімдерінің орынбасарлары С.Е.Кайрлиев және А.Т.Бисембаев баяндамашыларды толықтырып өтті.

Облыстық комиссияның жұмыс қорытындылары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.  

Дата публикации
02 декабря 2024
Дата обновления
02 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы