2024 жылғы 24 қараша күні Батыс Қазақстан облысының 5 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
- Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
27 қарашадағы №46 шешімімен Наурзалиев Мереке Тулеугалиевич Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1972 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұрғыны.
- Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
27 қарашадағы №47 шешімімен Аймагамбетов Халык Сатханович Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1966 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылының тұрғыны.
- Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
27 қарашадағы №48 шешімімен Сатдыков Бауыржан Бисенович Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1965 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны.
- Жаңақала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
28 қарашадағы №14 шешімімен Серіков Теміржан Серікұлы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1975 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылының тұрғыны.
- Казталов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
27 қарашадағы №65 шешімімен Ашихов Даурен Айтжанович Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1980 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Нұрсай ауылының тұрғыны.