Сайланған ауылдық округ әкімдерін тіркеу туралы
Жарияланған күні: 02 желтоқсан 2024
Жаңарту күні: 02 желтоқсан 2024
Көру саны:12
2024 жылғы 24 қараша күні Батыс Қазақстан облысының 5 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
- Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
27 қарашадағы №46 шешімімен Наурзалиев Мереке Тулеугалиевич Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1972 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұрғыны. - Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
27 қарашадағы №47 шешімімен Аймагамбетов Халык Сатханович Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1966 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылының тұрғыны. - Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
27 қарашадағы №48 шешімімен Сатдыков Бауыржан Бисенович Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1965 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. - Жаңақала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
28 қарашадағы №14 шешімімен Серіков Теміржан Серікұлы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1975 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылының тұрғыны.
- Казталов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
27 қарашадағы №65 шешімімен Ашихов Даурен Айтжанович Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1980 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Нұрсай ауылының тұрғыны.
Жарияланған күні
02 желтоқсан 2024
Жаңарту күні
02 желтоқсан 2024