2024 жылғы 1 желтоқсанға Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі, Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі, Теректі ауданы Құмақсай ауылдық округі, Орал қаласы Зачаган кенті әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты және Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі, Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты әкімдер сайлаулары тағайындалды.
26 кандидат ұсынылды, 1-і «AMANAT» партиясынан, 25-і өзін-өзі ұсынғандар.
26 кандидаттың 13-і мемлекеттік қызметшілер, 3-і бюджет саласынан, 5-і коммерциялық ұйымнан, 5-і жұмыста жоқ.
Кандидаттардың орта жасы 43,3 жас, ең жас кандидат 31 жаста, жасы үлкені 63 жаста.
10 кандидат (38,5%) - ауылдық округтің тұрғыны, 13 (50,0%) – аудан аумағында, 3 (11,5%) - облыс аумағында тұрады.
А.ж. 11 қарашадағы жағдай бойынша 18 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 4 кандидатты тіркеуден бас тартылды, 4 кандидат өз өтініштері негізінде өз кандидатураларын алып тастады.