Меню

Страницы

Статья

Шекарасыз әлем

Қазан айының екінші жексенбісі – ҚР Мүгедектігі бар адамдар күні. Осыған орай «Шекарасыз әлем» атты қайырымдылық іс-шара өтті.  Орал қаласы мен аудандарда тұратын ерекше қажеттілігі бар жандарға құрмет көрсетілді. Шарапатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Оқжетпес Life» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды. Сонымен қатар іс-шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі-Д.С.Искакова, "Атамекен" Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары-Э.Б.Утешева, "Батыс Қазақстан облысының Татар мәдени орталығы" ҚБ төрайымы, кәсіпкер, қоғам белсендісі-Ф.И.Миликеева, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі-М.А.Құрманбаева қатысты. Бұл күні қоғамдық бірлестік мүгедектігі бар 40-қа жуық жанға тамаша көңіл күй сыйлады. Қайырымдылық шараның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көңіл бөлу, толғандырған мәселелерінің оң шешілуіне көмек көрсету. 

«Оқжетпес Life» қоғамдық бірлестігі мүгедектігі бар жандардың стартап жоба  дайындап, кәсіп бастауына айрықша көңіл бөледі. Бүгінде бірлестік құрамындағы 37 адамның 24-інің мүгедектігі бар. 14-і Гүлнұр Меңдіханқызы жетекшілік ететін кәсіпорында жұмыс істейді. Аталмыш шарада отандық өнім көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде мүгедектігі бар жандардың қолынан шыққан ерекше туындылар жұртшылыққа ұсынылды. Олар - балалардың ой-өрісін дамытуға арналған түрлі ойыншықтар жасайды, тігін тігеді. Қол қусырып қарап отырғанды жөн көрмейтін цех қызметкерлері өздері сияқты ерекше жандарға жұмыс ұсынып, жан-жақты қолдау танытқан әлеуметтік кәсіпкерге алғыстан басқа айтары жоқ.

Шарапатты шарада ұйымдастырушылар кембағал жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, сый-сияпат табыстады.

 

 

Дата публикации
14 октября 2024
Дата обновления
14 октября 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы