Меню

Страницы

Статья

Іскерлік ынтымақтастық

 

10, 11 қазан күндері біздің өңірдің делегациясы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау қаласында өткен семинар-тренингке қатысты. Оны "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобасы аясында «Жаңа өмірді баста" жеке қоры ұйымдастырды. Семинар-тренингтің жұмысы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру мәселелеріне арналды.

Семинар-тренингке Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарының өкілдері қатысты. Біздің облыс делегациясының құрамына әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялардың өкілдері кірді.

Атап айтқанда Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Д.М.Сатарова, Орал қ.ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Ж.У.Айдыналиева,  "Ақ Отау" отбасы орталығы  қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Г.Есқалиева, облыстық білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық секторының бас маманы С.М.Хамзина, "TUGURYM" қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.С.Арыстанова, облыстық психологиялық қолдау әдістемелік орталығының психологы Г.А.Әбілманова қатысты. 

Жұмыстың белсенді нысандары арқылы семинар-тренингке қатысушылар балалар еңбегін заңнамалық реттеу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылық, қамқоршылық және асырап алу жүйесі, тиісті көмекке мұқтаж адамдармен түзету және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған әлеуметтік қызметтер мен мекемелер желісінің жұмыс істеуі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. аспектілерін талқылады.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлігінде жаңартылған нормативтік-құқықтық базаның мазмұнына ерекше назар аударылды. Еліміздеіске асырылып жатқан тақырыптық әлеуметтік жобалар, оның ішінде "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциялары да назардан тыс қалмады.

Семинар-тренинг соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.

 

Дата публикации
14 октября 2024
Дата обновления
14 октября 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы