Бүгінгі таңда балалар ойын-сауық құру және адамдармен араласу үшін Интернетте көбірек уақыт өткізеді, мұндай бұрын-соңды болмаған. Қазақстанда 9-17 жас аралығындағы балалар Интернетке салыстырмалы түрде кіші жаста кіргенін айтады. Олардың 46% Интернетке алғаш рет бес пен сегіз жас аралығында кірсе, тағы 5% төрт немесе одан кіші жаста кірген. Ой-өрісті кеңейту және шығармашылықты қамшылау үшін Интернет бүкіл әлемде шексіз мүмкіндіктер мен әлеует ұсынғанымен, балаларды тиісінше қорғамаса, олардың қауіпсіздігі мен аман-саулығына қауіп төнуі мүмкін.
Кибербуллингке ұшырау ер балаларға қарағанда қыздар арасында жиірек кездеседі. Ұлдарға қарағанда екі есе дерлік көп қыз біреудің жағымсыз немесе қорлайтын хабарламалар жібергеніне куә болғанын айтқан (ұлдардың 18%-мен салыстырғанда қыздардың 35%).
Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі Еуропалық Одақпен, Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен және Peremena.media платформасымен серіктестікте цифрлықкеңістікті қауіпсіз шарлауға көмектесетін ақпараттық құралдар жиынтығы болып табылатын«Кибер Тұмар» ақпараттық-оқыту науқанын бастады. Науқан балаларға Интернетті қауіпсіз пайдалану тәжірибесін қалыптастыруға және ықтимал қауіп-қатерлермен күресуді үйренуге көмектесуге бағытталған.
Цифрлық технологиялар арқылы кибербуллинг әрекеттері әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформаларында және ұялы телефондарда белең алған. Кибербуллинг — нысанаға айналғандарды қорқытуға, ашуландыруға немесе ұятқа қалдыруға бағытталған,қайталана беретін әрекеттер.

Интернетте жыныстық қанау мен алымсақтық қаупі өршіп тұр, соның салдарынан қылмыскерлерге ықтимал құрбандарымен байланысу, ашық-шашық суреттермен бөлісу және қылмыстық әрекеттерді қолпаштау оңайлап кетті. Балалар интимдік сипаттағы материалдарды өндірудің, таратудың және тұтынудың құрбанына айналуы мүмкін немесе груминг әдістерін қолданып, оларды жыныстық қанауға дайындауы мүмкін, сол үшін қылмыскерлер олармен жүзбе-жүз кездесуге немесе олардан ашық-шашық сипаттағы контент сұрап алуға тырысуы ықтимал.

Көбінесе ешбір жолмен реттелмейтін цифрлық орта пайдаланушыларды жасына сай емес немесе ықтимал зиянды контентке ұшыратуы мүмкін. Балалар Интернетте өшпенділікті қоздыратынхабарламалар мен зорлық-зомбылықты көрсететін суреттерге тап болып, аман-саулығы мен құқықтарына теріс әсері тиюі мүмкін деген алаңдаушылық бар.
Өшпенділікке толы сөздерді дін, этнос, ұлт, нәсіл, тері түсі, шыққан тегі, мүгедектік, жас, жыныс сияқты ерекше белгілер негізінде адамға немесе адамдар тобына шабуыл жасау немесе кемсіту мақсатында ауызша, жазбаша түрдегі қарым-қатынас немесе мінез-құлық деп сипаттауға болады. Сондай-ақ өшпенділікке толы сөздер тіл, экономикалық немесе әлеуметтік шыққан тегі немесе денсаулық жағдайы сияқты басқа да «ерекше белгілерді» қамтуы мүмкін.
«Троллинг» — біреу басқаларды арандату үшін Интернетте бірдеңе жариялауы немесе пікір қалдыруы. Троллингтің мақсаты — тәртіпті бұзу, назар аударту және мазаны кетіру. Әрекеттер адамның немесе адамдар тобының жынысы, нәсілі, этносы және т.б. ерекше белгілеріне қатысты өшпенділікке және кемсітушілікке жол ашқанда троллинг өшпенділік сөздеріне айналады. Троллингпен айналысатын адамдар көбінесе жалған есімдердің артына жасырынады немесе хабарламаларды анонимді түрде жариялайды, сол себепті оларды анықтау қиынға соғады.

Интернеттегі әрекеттер баланың дербес деректерін жинаумен және оларды жеке мәліметтерді ұрлау, кибербуллинг және орынсыз контент сияқты зиян келтіру мақсатында пайдаланумен байланысты қауіп-қатерлермен қатар жүреді. Дербес деректерге келесілеркіреді:
- Аты-жөні мен жасы
- Телефон нөмірі, аккаунтының пайдаланушы аты мен кілтсөздері, үйінің мекенжайы, мектеп және спорт клубының мекенжайы сияқты байланыс ақпараты.
- Ата-анасының немесе қамқоршысының банк деректемелері мен несиеге қатыстымәліметтері
- Адамның жеке басын анықтауға болатын фотосуреттер, бейнематериалдар, әлеуметтік желілердегі жазбалар
Барған жерлерді белгілеу, іс-шараларға қатысу.


Виртуалды әлемге шектен тыс әуестену әдеттегі өмірге, оқуға, хоббиге, отбасымен және достарымен қарым-қатынасқа кедергі келтіреді. Оған компьютерге және Интернетке қол жеткізу мүмкін болмаған кезде жайсыздық түрінде көрініс беретін мінез-құлықтағы психофизиологиялық өзгерістер ілесе жүреді.



Интернеттегі әрбір әрекет «цифрлық із» деп аталатын із қалдырады. Пайдаланушылар, әсіресе балалар, Интернеттегі әрекеттерінің ықтимал салдарын түсінуі керек.


Балаларға жолдан өтуді қалай үйретсек, Интернетті пайдалануды да дәл солай үйрету қажет.
Балаларды Интернетте қорғаудың ең жақсы жолы — олармен сөйлесу. Балаларға «Интернетте мықты болуды» үйретіңіз. Оларды қорғау үшін технологияларды пайдаланыңыз. Әрбір әлеуметтік платформа кімнің пікір қалдыра алатынын немесе хабарламаларды көре алатынын немесе кімнің автоматты түрде дос ретінде қосыла алатынын шектеуге, буллинг туралы хабарлауға мүмкіндік беретін түрлі құралдарды ұсынады. Олардың көпшілігі бұғаттау, хабарландыруларды өшіріп қоюнемесе кибербуллинг туралы хабарлау сияқты қарапайым қадамдарды қамтиды.
Балаларыңыз күн сайын әртүрлі қиындықтарға тап болады, бірақ олар үшін жалғыз тұрақты нәрсе Сіз, Сіздің үнемі жанынан табылуыңыз, тыңдауға және көмектесуге дайын тұруыңыз болуы керек!




Осы плакаттармен достарыңызбен және таныстарыңызбен бөлісу арқылы, ата-аналар мен мұғалімдерге оқу мекемелері үшін басып шығаруды арқылы немесе әлеуметтік желілерде бөлісудіұсыну арқылы өзіңізді Интернетте қорғаңыз. Бірге біз балаларға, ата-аналарға және мұғалімдергеИнтернетте әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті дағдылар және білім береаламыз. #КиберТұмар хэштегін белгілеуді ұмытпаңыз.
Кибер Тұмар постерлерін жүктеу
Кибер Тұмар ақпараттық плакаттарын жүктеу
Қосымша ақпарат
Ұлттық сарапшылар ЮНИСЕФ пен оның серіктестеріне ықтимал қауіп-қатерлер туралы сенімді және нақты ақпарат, сондай-ақ өзіңізді қалай қорғау керек екені туралы кеңестер беру үшін қосылады. Сарапшылардың мақалаларын қалт жібермеңіз, Интернетте қауіпсіздікте болыңыз.