Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі жергілікті әкімдікпен бірлесіп және Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен ауқымды гүл фестивалі өтті. Шара Отбасы күніне орайластырылды. Фестивальға ландшафтық дизайнермен, гүл өсірумен, ағаштар мен бұталар өсірумен айналысатын 20-дан астам кәсіпкер әйел, сондай-ақ танымал гүл дүкендері, гүл өсіру саласындағы ірі желілік кәсіпкерлер және т.б. қатысты. Фестиваль тәжірибе алмасу үшін жұмыс алаңына, сондай-ақ Орал маңы тұрғындары үшін климаттық және табиғи жағдайлардың түрлі жасыл желектерді өсіруге, үй, аула, саябақ, шағын аудан және жалпы өңір үшін қолайлы екенін шынайы дәлелдейтін демонстрациялық алаңға айналды.