ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына әр азамат баса назар аударды. Мемлекет басшысының өзекті проблемаларды шешуге бағытталған жаңа Жолдауы еліміздің және халқымыздың дамуында көптеген тың өзгерістер болатынын атап көрсетті. Балалардың қауіпсіздігі және оларды қорғау, білім беру, дамыту және тәрбиелеу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала бермек.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының негіздемелерін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Тарасенкомен және облыстық білім басқармасының басшысы Е.Сафуллинмен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында жаскелең ұрпақтың бойында «экологиялық әлеуетті» арттыруға басымдық бере отырып, өңірде балаларды табиғатқа ұқыптылықпен қарау тұрғысынан тәрбиелеу жүйесін күшейту жөніндегі нақты шаралар талқыланды. Одан әрі іс-қимыл жасаудың, соның ішінде әдістемелік қорды дамыта отырып, балаларды балалар-жасөспірімдер туризмімен қамтуды ұйымдастырудың нақты жолдары көзделді.