Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысындағы балаларға арналған  туристік нысандар бойынша жұмыс сапары

 

Жаңа оқу жылының қарсаңында және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның туристік өлкетану бағытындағы балалар-жасөспірімдер ұйымдары желісін дамыту, балалардың шығармашылығын ұйымдастыру туралы тапсырмасын орындау аясында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиев пен Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенконың жұмыс сапары ұйымдастырылды. Олар облыс орталығы Орал қаласында орналасқан балаларға арналған туристік нысандарға барды. Бұл ретте, су тасқынынан зардап шеккен «Еуразия» туристік лагерін қайта қалпына келтіру жұмыстарына, «Самал» туристік лагерінде жасақталған қауіпсіздік жағдайы мен сапасына баса назар аударылды. Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына барған кезде экскурсиямен қоса, өңірдегі балалар-жасөспірімдер туризмі және экология жүйесінің жағдайын талдау таныстырылды. Сонымен қатар Ақжайық және Тасқала аудандарындағы туристік балалар орталықтарының жұмысы қорытындыланды. Елімізде алдыңғы қатардағы орындарды иеленетін өңірдің балалар-жасөспірімдер туризмі орталықтарының желісін одан әрі дамыту жолдары, олардың жұмыс сапасын арттыру, тиісті жағдайлар жасау тәсілдері көзделді. Жұмыс сапары соңында көптеген жылдар бойы өңірде балалар туризмі жүйесінің қалыптасуына және дамуына зор үлес қосып келе жатқан В.П.Фоминге алғыс білдірілді. 2024 жылы айтулы іс-шараларды өткізу туралы шешім қабылданды.

Дата публикации
29 августа 2024
Дата обновления
29 августа 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы