26 тамызда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, өңірдің кураторы Елена Ивановна Тарасенко екі әлеуметтік нысанды аралады. Олардың қатарында Орал қаласындағы «Бәйтерек» мүгедек балалардың облыстық қоғамдық бірлестігі және Бәйтерек ауданының аумағында орналасқан Көшім арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Аталған мекемелердегі жағдайлармен танысу, мүгедектігі бар әйелдер үшін кедергісіз орта ұйымдастыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету мәселелерін талқылау, жергілікті деңгейде олардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Кездесуге қатысушылар осы және басқа да аспектілерді қарастырды.