2024 жылғы 15 қыркүйекке Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округі, Бөкей ордасы ауданы Мұратсай, Ұялы ауылдық округтері, Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдық округі, Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты және Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округі, Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты әкімдер сайлаулары тағайындалды.
25 кандидат ұсынылды, 3-уі «AMANAT» партиясынан, 22-сі өзін-өзі ұсынғандар.
25 кандидаттың 21-і мемлекеттік қызметшілер, 2-і бюджет саласынан, 2-і жұмыста жоқ.
Кандидаттардың орта жасы 36,7 жас, ең жас кандидат 25 жаста, жасы үлкені 59 жаста.
6 кандидат (24,0%) - ауылдық округтің тұрғыны, 17 (68,0%) – аудан аумағында, 2 (8,0%) - облыс аумағында тұрады.
А.ж. 26 тамыздағы жағдай бойынша 24 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды.