23 тамызда «Қауіпсіз балалық шақ - 2024» ведомствоаралық акциясының призмасы арқылы балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігі мәселелерін талқылауға арналған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бейнебайланыс режимінде ұйымдастырылған отырысқа тұрақты Комиссия мүшелерімен бірге Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, барлық аудандар әкімдерінің орынбасарлары, аудандық полиция бөлімдерінің және Орал қаласының, «IT Group Kazakhstan» ЖШС, басқа да бейінді ұйымдардың басшылары қатысты. Жұмыс барысында жиналғандар қоғамдық орындарда, үйлерде (балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуды қоса алғанда), жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өңірдегі жағдайды және жағдайдың алдын алу және тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шараларды талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырма шығарылды.