Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Ивановна Тарасенко іс-сапармен Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында болды. Бұл іс-сапардың мақсаты аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысымен, оның ішінде жергілікті балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуды үйлестірумен танысты.
Іс-сапар барысында Е.И.Тарасенко аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығын, Жастар ресурстық орталығын, балалар туристік базасын, Жұбан Молдағалиев мұражайы және Чапаев тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер туризмінің белсенді қатысушыларымен, мұғалімдермен, өлкетанушылармен, қоғам қайраткерлерімен, мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.
Іс-сапар қорытындысы бойынша мақсатты нұсқаулар әзірленді.