«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1 тармағына және 113-1-бабының 1-ші,3-ші тармағының 3-ші тармақшасына, 113-3 бабының 5 тармағына, 113-5 бабының 14 тармағына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйек күніне мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.