Меню

Страницы

Статья

Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік

 

Ағымдағы жылдың 6 тамызы күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары К.Мендигалиевтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның «Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы отырысы өткізілді. Аталған отырысқа комиссияның тұрақты мүшелерімен бірге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің, БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «IT Group Kazakhstan» ЖШС, облыстық қоғамдық кеңесінің өкілдері, сондай-ақ барлық аудандар және Орал қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Отырысқа қатысушылар өңірде қалыптасқан жағдай барысын талқылады. Су тоғандарында, қала сыртындағы лагерьлерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар еңбегін қанауды болдырмау және балалардың жұмыспен қамтылуы сияқты шешуші бағыттар бойынша «Балалар қауіпсіздігі» облыстық акциясы іс-шараларының іске асырылу сапасына баса назар аударылды. Жұмыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға нақты тапсырмалар беріліп, ата-аналар тарапынан балаларды жан-жақты бақылаудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Дата публикации
09 августа 2024
Дата обновления
09 августа 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы