«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйек күніне өкілеттігі аяқталуына байланысты:
- Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округі әкімінің;
- Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округі әкімінің;
- Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округі әкімінің;
- Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдық округі әкімінің;
- Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады
Мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
- Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің;
- Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.