Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.
- Жалпы ақпарат
2024 жылдың 6 айында 1 992 506 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2 405 (0,1%),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 25 538 (1,3%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 1 226 498 (61,5%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 738 065 (37,1%).
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 84 013
- egov.kz портал арқылы – 59 938
- elicense.kz порталы – 12 750
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 11 325
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 92 979
- ИСС – 3 969
- ИС Е-Собес – 28 856
- ИС Рынок труда – 6 539
- E-Qazyna.kz – 67
- ИС Е-акимат – 479
- kezekte.kz – 638
- «Электронная биржа труда» /енбек кз – 48 062
- Социальная помощь – 2 296
- kz – 1 467
- Baspana market – 556
- АИС «Қандас» – 50.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 27.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 207, оған
32 694 тұрғын тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 5 адам өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 107 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.