Шілде айында облыс орталығында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ұйымдастырылған өнімдердің кезекті көрмесі өтті. Іс-шара үлкен қызығушылық тудырды. Оған қатысқысы келетіндердің саны өте көп. Өздеріңіз білетіндей, жоба табиғи шикізаттан жергілікті өндірісті ашуға және дамытуға бағытталған. Жобаның бастамашысы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және жапондық Jica агенттігі. Оны елімізде насихаттауға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үлкен қолдау көрсетті.
Біздің өңірде жоба Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің арқасында дамып келеді. Олар аудандарда тұратын әйелдермен көптеген түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жоба Ақжайық ауданы Тайпақ ауылынан бастау алды. Бастапқыда жүн өңдеу және киіз бұйымдарын өндіру саласы қамтылды. Қосымша қарбыз балы, джем, чипсы өндірісі ойластырылып, жолға қойылды. Жобаның бұл бөлімінің кураторы Тайпақ ауылының тұрғыны Ләззат Сейіткереева болды. Қазір жобалық іс-шаралар қарқын алуда. Жобаның географиясы мен өнім түрлерін кеңейту, облыс орталығында антенна-дүкен форматында дүкен ашу және т.б. Көрме өнімдері мұны растады. Мәселен, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Нәзира Сыдықбаева ауыл шаруашылығы өнімдерін Бәйтерек ауданынан әкелді, ірімшіктердің үлкен ассортиментін оралдық Татьяна Нюдлеева ұсынды, Жанғала ауданының тұрғыны Ақмарал Алдоңғарова жартылай фабрикаттарды көрсетті. Тағыда басқалар көп. «Осы екі жыл бойы ауыл әйелдеріне «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бизнесті нөлден бастаудың нақты мүмкіндігі екенін айтып келеміз. Бұл алға жылжуда. Оның үстіне облысымыздың ауылдық жерлерінде жергілікті табиғи шикізатты пайдалануға барлық алғышарттар жасалған. Қазір Оралда кәдесыйлар, ойыншықтар, аяқ киімдер, қолдан жасалған бұйымдарды сатып алатын қолөнер орталығына айналатын дүкен ашу мәселесін талқылап жатырмыз. Мұндағы тауарлардың облыс кәсіпкерлер палатасының Бренд комитетінен өткен сапа мен технология стандарттарына сай сатылатынына ерекше назар аударамын. Біз бұл істі міндетті түрде қисынды қорытындыға жеткіземіз», - дейді облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Ляна Тұрсынова. Жоба жалғасуда.