2024 жылдың 4 тамызында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі, Казталов ауданы Бірік ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты әкім сайлаулары тағайындалды.
7 кандидат ұсынылды, 1-уі Қазақстан Халық партиясынан, 6-уы өзін-өзі ұсынғандар.
7 кандидаттың 6-уы мемлекеттік қызметшілер, 1-уі жұмыста жоқ.
Кандидаттардың орта жасы 36,6 жас, ең жас кандидат 32 жаста, жасы үлкені 47 жаста.
2 (28,6%) - кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 4 (57,1%) – аудан аумағында, 1 (14,3%) – облыс аумағында тұрады.
А.ж. 15 шілдедегі жағдай бойынша 6 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды.