Меню

Страницы

Статья

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында

 

«Саламатты Қазақстан» медицинский пойызы Батыс Қазақстан облысында  өз жұмысын жалғастыруда. Тұрғындар саны 1000-нан астам «Деркөл» стансасына (Зеленый кенті) тоқтады. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба шалғай ауылдардың, соның ішінде Бәйтерек ауданының тұрғындарына нақты және қажетті көмекті көрсету болып табылады. 

Ашу барысында медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева және заңгер Айшат Ғаббасова тұрғындарға қандай қызметтер көрсетілетіні және пойыздың 10 маманы қандай көмек ұсынатыны жөнінде түсінік берді.

Жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары М.Байменов, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Кульбаракова, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі М.Даулетьярова және басқалар құттықтау сөз сөйледі. Аудан үшін маңызды шараға орай А.Жекековтің орындауында «Атамекен» әні шырқалды.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Е.Галиев, аудандық аурухана директоры Т.Мусагалиев, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Т.Рогозина және басқалар пойыз жұмысымен танысты.

Ауыл тұрғындары «біз ақ халатты жоғары білікті мамандардың келуін асыға күттік. Олар бізге жыл сайын келеді және үнемі сапалы қызмет көрсетеді» деп атап көрсетті. 

 

Дата публикации
03 июля 2024
Дата обновления
03 июля 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы