2024 жылдын 2 тоқсанында 1 аудит объектісінде - «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында аудиторлық іс-шара өткізіліп, аудитпен 235,7 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 2,6 млн.теңгені құрайтын қаржылық, 32,4 млн.теңге құрайтын процедуралық бұзушылықтар анықталды.
Кәсіпорынға қатысты жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысының құжаттары негізінен қарау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне және әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне қарау үшін жолданды.
2024 жылдын 1 тоқсанында «Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысымен Казталов ауданының прокуратурасына жолданған материал Казталов аудандық сотында қаралып, мекеменің бас маман - есепшісіне Қылмыстық кодексінің 189 бабының 3 бөлігінің 1,2 тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2024 жылдың 2 тоқсанында анықталған бұзушылықтармен жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет әкімшілеріне 3 хат, облыс әкімі аппаратының бірыңғай заң қызметіне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобалық топтарда қаралуға жататын 1 мәлімет жолданды.
ІАҚ