Меню

Страницы

Статья

«Саламатты Қазақстан»

 

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Достық ауылына (Семиглавый Мар) «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тоқтады.«Жаңға дауа, науқасқа шипа сыйлауға» келген ақ халатты абзал жандар ауыл тұрғындарына кеңестерін беріп, ем-дом шараларын жасайтын болады.«Саламатты Қазақстан» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен, «Самұрық-қазына» қоры және Денсаулық сақтау министрілігімен жүзеге асырылып отыр. «Саламатты Қазақстан» пойызы еліміздің түкпір-түкпірін аралап, тұрғындарға үлкен көмек ұсынып келеді. Медициналық пойызына кәсіби медиаторлар мен заңгерлер де қосылып, тұрғындарға кеңестерін беруде.

Медициналық поездың бас дәрігері Айнұр Егінбаева атап өткендей, «Медициналық поезд тегін қызметтер көрсетеді. Келесі мамандардан медициналық көмек алуларыңызға болады. Олар терапевт, хирург, травматолог, уролог, невропатолог, лор, акушер-гинеколог, стоматолог, ЭКГ,рентген және УЗИ зерттеулер,  кардиолог, психолог, педиатр мамандары және өзге де зертханалық талдаулар...».

Әлеуметтік жоба аясында ауданымызға келген мамандарды аудан әкімі Талғат Шакиров,  облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шүкеева, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, облыстық әкімдіктің өкілі Татьяна Рогозина, аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Дария Турганалиева, Достық ауылдық округінің әкімі Асхат Сапаров, аудандық аурухана директоры Руслан Бралов және басқалар қарсы алды.

Талғат Асқарұлы медициналық ұжымға аудан тұрғындары атынан алғысын білдіріп, шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған бастамаларына табыс тіледі.

Медициналық поез сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. 30 маусымда Тасқала ауылына келеді.

Дата публикации
01 июля 2024
Дата обновления
01 июля 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы