2024 жылдың 7 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян, Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты және Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округі, Қаратөбе ауданы Аққозы, Қаратөбе ауылдық округтері, Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты әкімдер сайлаулары тағайындалды.
23 кандидат ұсынылды, 5-уі «AMANAT» партиясынан, 18-і өзін-өзі ұсынғандар.
23 кандидаттың 16-ы мемлекеттік қызметшілер, 4-уі бюджет саласынан, 1-і коммерциялық ұйымдардан, 1-і зейнеткер, 1-і басқа саладан.
Кандидаттардың орта жасы 39,9 жас, ең жас кандидат 28 жаста, жасы үлкені 57 жаста.
8 кандидат (34,8%) - ауылдық округтің тұрғыны, 13 (56,5%) – аудан аумағында, 2 (8,7%) - облыс аумағында тұрады.
А.ж. 17 маусымдағы жағдай бойынша 23 кандидат тіркелді.