Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы талдамалық анықтама

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 170 қызмет енгізілген.

2020 жылдың 1 жартыжылдығында 955 995  қызмет (2019 год – 1 009 835) көрсетілді.

Соның ішінде, көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 151 607 (15,8%) (2019 жыл -  265 075 (26,2%),  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 13 150 (1,3%) (2019 жыл – 102 204 (10,1%), мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 783 090 (77,5%) (2019 жыл – 642 556 (63,6%).

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 8 (2019 жыл - 7).

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату үшін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесе бекітілген жоспар аясында семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және өзге шаралар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 1 101-ді құрап, оған
52 908 тұрғын тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 36 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Дата публикации
30 июля 2020
Дата обновления
30 июля 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы