2024 жылғы 2 маусым күні Батыс Қазақстан облысының 6 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
- Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
4 маусымдағы №5 шешімімен Абиров Жәнібек Игалиұлы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1986 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылының тұрғыны.
- Бөрлі ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 маусымдағы №14 шешімімен Каймулдинов Нарынбек Өтегенұлы Бумакөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1988 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бумакөл ауылын ауылының тұрғыны.
- Жәнібек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
2 маусымдағы шешімімен Аюпов Нұрлан Дүйсенғайұлы Қамысты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1995 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылының тұрғыны.
- Сырым ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
4 маусымдағы №1.30/42 шешімімен Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы Жетікөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1983 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қосарал ауылыың тұрғыны.
- Тасқала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
4 маусымдағы №20 шешімімен Сапаров Асхат Гайдарұлы Достық ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылының тұрғыны.
- Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 маусымдағы №5 шешімімен Жұмағалиев Жұбан Тұрарұлы Деркөл кентінің әкімі болып тіркелді. 1992 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркөл кентінің тұрғыны.