Батыс Қазақстан облысында 2024 жылғы 2 маусымда өткен ауылдық округ әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы

 

2024 жылы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысының 6 округінде әкімдердің сайлауы өтті. 

  1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі

Сайлау округінде 791 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, олардың ішінде 387-і (48,93%) дауыс беруге қатысты.

Әкім болуға үміткерлер саны 3 адам, 1 - «AMANAT» партиясынан, 2-өзін-өзі ұсынғандар.

Әкім болып «AMANAT» партиясы ұсынған Абиров Жәнібек Игалиұлы сайланды.

 

  1. Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі

Сайлау округінде 698 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, олардың ішінде 404-і (57,88%) дауыс беруге қатысты.

Әкім болуға үміткерлер саны 3 адам, барлығы өзін-өзі ұсынғандар.

Әкім болып өзін-өзі ұсынған Каймулдинов Нарынбек Өтегенұлы сайланды.

 

  1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі

Сайлау округінде 774 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, олардың ішінде 353-і (45,61%) дауыс беруге қатысты.

Әкім болуға үміткерлер саны 2 адам, барлығы өзін-өзі ұсынғандар.

Әкім болып өзін-өзі ұсынған Аюпов Нұрлан Дүйсенғайұлы сайланды.

 

  1. Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі

Сайлау округінде 564 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, олардың ішінде 286-сы (50,71%) дауыс беруге қатысты.

Әкім болуға үміткерлер саны 3 адам, 1 - «AMANAT» партиясынан, 2-өзін-өзі ұсынғандар.

Әкім болып «AMANAT» партиясы ұсынған Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы сайланды.

 

  1. Тасқала ауданы Достық ауылдық округі

Сайлау округінде 504 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, олардың ішінде 273-і (54,17%) дауыс беруге қатысты.

Әкім болуға үміткерлер саны 3 адам, 1 - «AMANAT» партиясынан, 2-өзін-өзі ұсынғандар.

Әкім болып өзін-өзі ұсынған Сапаров Асхат Гайдарұлы сайланды.

 

  1. Орал қаласы Деркөл кенті

Сайлау округінде 15121 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, олардың ішінде 1604-і (10,61%) дауыс беруге қатысты.

Әкім болуға үміткерлер саны 3 адам, барлығы өзін-өзі ұсынғандар.

Әкім болып өзін-өзі ұсынған Жұмағалиев Жұбан Тұрарұлы сайланды.

Жарияланған күні

03 маусым 2024

Жаңарту күні

03 маусым 2024