Облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовтың тапсырмасын орындау мақсатында әрбір аудандық (қалалық) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға облыстық комиссия мүшелерінің арасынан консультант бекітілді. Мәселен, ағымдағы жылдың 29 мамырында Сырым аудандық комиссия отырысына облыстық комиссияның мүшесі – Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Қ.Ж.Мұханғалиев қатысты . Бірлескен жұмыс барысында қатысушылар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады, бұл ретте су тасқынынан зардап шеккен және әлеуметтік осал отбасылардың балаларына баса назар аударылды. Сондай-ақ нақты жағдайларды мысалға ала отырып, аудандағы «Тәлімгерлік» бағдарламасының дамуын ұжымдық түрде қарастырдық. Мысалы, кәмелетке толмағандарға қатысты жеке материалдарды қарау кезінде аудан әкімінің орынбасары А.М.Шерғалиев ерекше назар аударуды және қолдауды қажет ететін оқушылардың біріне тәлімгерлік етуді ұйғарды. Бұл шешім оқушы қыздың анасымен келісілген. Олар бірге тәлімгерлік етудің мүмкін жолдарын белгілеп, соның ішінде психологтың қатысуында қарастырды.
Отырыста аудандық комиссия мүшелері Сырым ауданындағы «Достық» лагерінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мәселесіне де бас назар аударды. Өйткені, дұрыс демалу балалардың физикалық, рухани және адамгершілік өсуінің кепілі болып табылады және балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.
Консультация форматындағы өзара іс-қимыл жалғасын табады.