Меню

Страницы

Статья

«Саламатты Қазақстан» пойызы

 

Ағымдағы жылдың 30 мамыры күні облыс әкімдігінде облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ж.Ғұмаровтың төрағалығымен «Саламатты Қазақстан» пойызын Батыс Қазақстан облысында қарсылауға және жұмысын сүйемелдеуге дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске облыстық қоғамдық даму және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Орал стансасы желілік полиция бөлімшесінің өкілдері, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Бәйтерек аудандары және Орал қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жалғас Ахатұлы өз сөзінде «Саламатты Қазақстан» пойызы – бірегей жоба. Аталған жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және «Самұрық-Қазына» АҚ іске асырылуда. Оның толыққанды жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету біздің бірінші кезектегі міндетіміз болып табылады. Бұл ретте, тұрғындарды аталған пойызда көрсетілетін қызметтер, кестесі туралы хабардар ету, келуге ниет білдіргендердің барлығына жағдайлар туғызу жұмыстарын атауға болады. Ең алдымен, әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға, көп балалы аналарға, мүгедек балалары бар аналарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге баса назар аудару қажет. Біздің міндетіміз осындай қызметті алуға мұқтаж адамдардың тексеруден өтіп, медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмекті алуларына барынша қолдау білдіру шараларын қабылдау болып табылады. Бұл пойыз өңіріміздің ең шалғай және шағын стансаларын қамтитын болады», - деп атап көрсетті. 

Кеңес барысында барлық қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.

   

Дата публикации
31 мая 2024
Дата обновления
31 мая 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы