Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 26 мамыр күні Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 29 мамырдағы №17 шешімімен Шарипов Радж Болакаевич Қошанкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1982 жылы туған, Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Казталов ауылында тұрады.