Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында облыстық "Психологиялық қолдау орталығын" қолданысқа енгізу, облыс аудандарын қосу арқылы "Тәлімгерлік" бағдарламасын кеңейту мәселелері қаралды, "Отбасын қолдау орталықтары" желісін дамыту жөніндегі шаралар талқыланды, сондай-ақ өңірде "Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың ашық отырыстарының онкүндігі" қорытындысы шығарылды.
Облыстық комиссия отырысының қорытынды бөлімінде оның төрағасы-облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов ата-аналарына келесі сөз сөйледі:
Балалардың қауіпсіздігі – үлкендердің қамқорлығы! БҚО әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы осы ұранмен өтті. Бұл кездейсоқтық емес. Қазіргі таңда мемлекетпен келеңсіз ортаның алдын алуға, кәмелетке толмағандарды және оларға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден сақтандыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылдануда, бұл мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, бала құқығы жөніндегі уәкілдердің, қоғам белсенділерінің, құқық қорғау органдарының және басқа да жауапты тұлғалардың пәрменді жұмысын талап етеді. Тек соңғы уақыттың өзінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша заңнамаға түзетулер енгізілді, Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырылуда, балалардың психикалық денсаулығын қолдаудың жаңа орталықтары ашылуда, отбасын қолдау орталықтарын құруға дайындық жүргізілуде. Дегенмен статистика айтарлықтай емес. Буллинг, балаларды қауіпті жерлерде қалдыруға байланысты кездейсоқ жағдайлардың орын алуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жүріп-тұру ережелерін бұзу, соның ішінде жолдардағы күрделі салдарларға алып келетін бұзушылықтар. Осы және басқа да фактілер орын алуда.
Барлық тұрғындарды балаларға баса көңіл бөлуге шақырамын! Тек жалпы күшімізді біріктіру арқылы біз қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ете аламыз және жаскелең ұрпақтың бойында дұрыс жүріп-тұру, бір-біріне құрметпен қарау, салауатты өмір салтын ұстану, рухани даму қажеттілігін сіңіре аламыз.
Құрметті ата-аналар, балалар үшін ата-аналардың жауапкершілігі өз балаларын тәрбиелеу, олардың дене және психикалық денсаулығын қамқорлау, сондай-ақ адамгершілік тұрғыдан дамуын қолдау міндеттерінен туындайды.