Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Е.И. Тарасенко балаларға, оның ішінде өңірдің эвакопункттерінде тұратындарға арналған жазғы демалысты ұйымдастыруға дайындықпен танысты.
Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен балалар сауықтыру лагерлеріне, соның ішінде Деркөл өзенінің жағасындағы Орал қаласының жасыл аймағында орналасқан "Еуразия" туристік-сауықтыру кешеніне барды. Табиғи апаттың салдарын жою бойынша тиісті органдардың қабылдаған шараларын талқылады.
-Биыл елімізде 3 млн-нан астам баланы жазғы демалыспен және әр түрлі ойын-сауықпен қамту жоспарлануда. Ол үшін әр түрлі типтегі 10 мың лагерь, соның ішінде Батыста да жұмыс істейтін болады. Бүгінгі кездесу Орал өңіріндегі су тасқыны жазғы сауықтыру науқанына дайындықты тоқтатпағанын растады, - деп атап өтіп Елена Ивановна балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.