16 мамыр күні Қаратөбе ауданында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Назым Жанғазы болып, аудандағы эвакуациялық пунктке барып, тұрғындармен кездесті.
Комиссия мүшесін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қарсы алып, су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге гуманитарлық көмекті қабылдау пункті жұмысымен таныстырды.
Жалпы аудан бойынша эвакуациялық пункте 5 үй де 6 отбасы 30 жуық адам тұрып жатыр. Олардың тең жартысы қыз-келіншектер.
Астанадан арнайы келген ұлттық комиссия мүшесі Назым Жанғазы уақытша эвакуациялық пункте тұрып жатқан аналармен кездесіп, талап тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, психолог мамандар да келіп, көмек көрсетті.
– Бүгін Қаратөбе ауданына келдік. Осы жердегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғандармен, аналармен кездесіп, қалай тұрып жатқандығына көзімізді жеткіздік. Жалпы біз кездескен көп балалы ана, мүмкіндігі шектеулі жан бағып отырған тұрғындардың барлық жағдайлары жасалған. Жалпы су тасқанынан зардап шеккен тұрғындарға үй салу үшін құрылыс жұмыстары басталып, аудан бойынша 90 үй салынатындығы жоспарланған, - дейді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Назым Жанғазы.