Меню

Страницы

Статья

Елена Тарасенко эвакопункт тұрғындарымен кездесті


ҚР Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер істері және демографиялық саясат жөіндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ жатақханасында орналасқан эвакуациялық пункте болып, сол жерге уақытша орналастырылған тұрғындармен кездесті.
Уақытша орналастыру пунктіндегі халыққа қолдау көрсетіп, заңгерлік, әлеуметтік көмек алу жолын көрсеткен Елена Ивановна сол жердегі тұрғындарды мазалаған сауалдарға да жауап берді. Кездесуге одан бөлек жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Искакова және олыс әкімі аппаратының бірыңғай заң қызметінің басшысы Гүлзада Рахметова барды.
Олар үйі суға кеткен азаматтарға үй беру жолын қалай жүзеге асырылатынын, арнайы коммисия жұмысы туралық толық түсінік берді.
Жиналған халық балаларын эвакопункт маңындағы балабақша мен мектепке уақытша орналастыру, коммисия шешімімен келіспеген жағдайда қандай әрекет ету жайындағы сауалдарын жолдады. Осының барлығына нақты жауап қатқан Елена Тарасенко ел көтерген мәселенің барлығын жоғарыға жеткізетінін айтты.
Кездесу соңында Елена Ивановна халықты жеке қабылдады.
Түгелбай Бисен

Дата публикации
16 мая 2024
Дата обновления
16 мая 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы