Меню

Страницы

Статья

Көлік инфрақұрылымы

ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

 Автобус маршруттары

          Бүгінгі таңда облыста 4 халықаралық маршрут бар (Самара,  Орынбор, Тольятти, Саратов).

            1 облысаралық маршрут жұмыс істейді (Атырауға), 27 ауданаралық маршрутқа 20 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Барлық 12 аудан орталықтары автобус маршруттарымен қамтылған.

            Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді, сонымен қатар субсидияланатын маршруттар саны да өсуде. Бүгінгі күнге 18 тасымалдаушы  25  маршрут бойынша субсидия алып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 614,5 млн. теңге игерілді (2024 ж – 436,0 млн.теңге), 310 468 жолаушы тасымалданды.

             Субсидия және облыс әкімдігінің қолдауы арқасында ауданаралық маршруттарда қызмет көрсететін тасымалдаушылардың автопарктері жаңартылып келеді. 2023-2025  жылдары 19 жаңа автобус сатып алынды.     

             Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға өз әсерін тигізді.

 

Теміржол маршруттары

Біздің облыс арқылы келесі теміржол маршруттары өтеді:

- «Алматы-Саратов» халықаралық пойызы;

- «Орал-Астана», «Орал-Алматы», «Орал-Маңғыстау» облысаралық пойыздары,

- «Орал–Семиглавый Мар» және  «Орал–Шынғырлау» ауданаралық пойыздары.

-    «Орал- Семиглавый Мар» және «Орал – Шынғырлау» әлеуметтік маңызы бар маршруттарын субсидиялау бағдарламасы іске асырылуда. 2025 жылға 255,0 млн. теңге субсидия игерілді (2024 ж – 236,0 млн .тг), ағымдағы жылдың  11 ай қорытындысы бойынша 63 125 адам тасымалданды.

 

Әуе маршруттары

            2025 жылы Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы 9 бағыт бойынша жолаушылар рейстері жүзеге асырылды, оның ішінде 6 ішкі республикалық (Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтау, Атырау) және 4 халықаралық (Франкфурт, Шарм-эль-Шейх, Анталья, Фукуок).

Ағымдағы жылы әуежай инфрақұрылымының физикалық және техникалық тозуына байланысты рулеждік жолдарға ағымдағы жөндеу және әуе кемелерінің тұрақ орындарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

Дата публикации
10 августа 2022
Дата обновления
09 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы