«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2024 жылғы 2 маусым күніне өкілеттігі аяқталуына байланысты:
- Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің;
- Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі әкімінің;
- Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің;
- Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тасқала ауданы Достық ауылдық округі әкімінің;
- Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Орал қаласы Деркөл кенті әкімінің сайлауын тағайындады.
Мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
- Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.