Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанынан Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жедел отырысы өтті. «Бүгінде біз бәріміз күрделі су тасқыны кезеңінде тұрмыз, ол іс-шараларды өткізуде бірқатар шектеулерді де көздейді. Алайда, кәмелетке толмағандардың қазіргі жағдайы шұғыл талқылау қажеттілігін - бірқатар мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың қатарында жасөспірімдерге қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, суицидтер мен олардың әрекеттерінің алдын алу, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті басқа да жағдайлар бар. Балалардың қауіпсіздігін, оның ішінде су басқан жерлердің маңында мұқият қамтамасыз етуге, ата - аналармен және балалармен сауатты түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруға, уақытша орналастыру пункттерінде балалар үшін оңтайлы жағдай жасауға тағы да назар аудару маңызды», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов. Отырыс барысында Батыс Қазақстан облысы полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары С.Р.Ибраев, өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ж.Ж.Нұрмағамбетова, «Ақ Отау» Отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Г. Есқалиева, Батыс Қазақстан облысы білім Басқармасының басшысы А.А.Мыңбаева, облыстық денсаулық сақтау Басқармасының бөлім бастығы С.Е.Сапарова, «IT Group Kazakhstan» ЖШС директоры А.Б.Сабурова, дене шынықтыру және спорт Басқармасы басшысының орынбасары М.С.Нұржанов және басқалар сөз сөйледі .
Жұмыс қорытындысы бойынша нақты хаттамалық тапсырмалар шығарылды.