Ағымдағы жылдың 10-28 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялардың ашық отырыстарының онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің бастамашысы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы комиссия болды. Бүгінгі таңда өңірде 12 аудандық және 1 қалалық комиссия жұмыс істейді. Онкүндіктің мақсаты-жергілікті жерлерде жұмыс істейтін комиссиялар тарапынан балаларға (отбасыларға) нақты көмек көрсету мониторингі. Отырыстарға қатысушылар облыстық комиссия құрамынан алдын ала анықталды-консультанттар. Сондай-ақ, отырыстардың біріне Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі жанындағы балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілі қатысты.
Онкүндіктің нәтижесі Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ұсынылатын болады.