Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2024 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысының нәтижесі туралы ақпарат

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілген бағалаудың қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің жұмысы «тиімді» деп бағаланды (ЖАО ІАҚ арасында – 4-саты).

2024 жылдын 1 тоқсанында 1 аудит объектісінде - «Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара өткізіліп, аудитпен 97,5 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 12,1 млн.теңгені құрайтын қаржылық, 10,7 млн.теңге құрайтын  процедуралық бұзушылықтар анықталды.

Мекемеге қатысты жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысының құжаттары негізінен қарау үшін Казталов ауданының прокуратурасына  жолданды.

Сонымен бірге салық, бухгалтерлiк есеп, атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамаларында көзделген мiндеттердi орындамау фактілері бойынша мәлімет қарау үшін уәкілетті органдарға жолданды (әкімшілік жауапкершілік бойынша).

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотының  қауылысымен округ әкіміне ӘҚБтК-нің 462-бабы 1-бөлігі бойынша 258,4 мың теңге айыппұл салынды. Қалған мәліметтер бойынша материалдарды қарау жалғасуда.

Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2024 жылдың 1 тоқсанында  жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет әкімшілеріне 1 хат, облыс әкімі аппаратының бірыңғай заң қызметіне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобалық топтарда қаралуға жататын 1 мәлімет жолданды.

Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған 2 ұсыным енгізілді.

ІАҚ

Дата публикации
09 апреля 2024
Дата обновления
09 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы