Меню

Страницы

Статья

Қазақстан әйелдер форумы: 25 жылдық бірлескен прогресс пен жетістіктер

 

Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия құрылғанына 25 жыл толуына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтті.

Әйелдер форумы еліміздің барлық өңірлерінен және халықаралық өкілдерден 500-ден астам қатысушыны жинады. Олар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, мәдениет, білім, ғылым, кәсіпкерлік саласының көрнекті қайраткерлері, сондай-ақ көп балалы аналар және басқалар. Батыс Қазақстан облысынан келген делегацияны облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Б..Х.Нарымбетов басқарды. Біздің өңірден делегаттар қатарында Ш.Х.Құрманалина, В.П. Михно, А.У.Салиева, Г.М Құлжанова, Ж. М. Туремуратова, Н.О.Сертеков, Л.Ю.Щукина, Ш.Д.Махмудова, сондай-ақ "Ару Ана" республикалық Үздік әйелдер жобалары байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, әлеуметтік кәсіпкер Г.М.Төлеген болды. Форумға делегацияны дайындауда өңірдің кураторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко кеңестік көмек көрсетті.

Іс – шараның негізгі мақсаты-әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін талқылау, сондай-ақ олардың өзін-өзі жүзеге асыруын және елдің саяси өміріне қатысуын қамтамасыз етуге, тәжірибе алмасуға бағытталған бастамалар.

Ел президенті Қ.К.Тоқаев форум қатысушыларына құттықтау жолдады. "Комиссия гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде, отбасы институтын нығайтуда, ана мен баланы қорғауда үлкен рөл атқарады, уәкілетті органдардың, азаматтық сектор мен бизнестің күш-жігерін біріктіретін тиімді алаң ретінде әрекет етеді. Ұлттық комиссияның сарапшылары заңдарды, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді қатысып, маңызды әлеуметтік жобалар мен бастамаларды іске асыруда", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Жұмыс барысында қатысушылар отбасылық-демографиялық саясатқа, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөліне, отбасыларды әлеуметтік және экономикалық қолдауға, балалар құқықтарына және тағы басқаларға қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Форум қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Дата публикации
25 марта 2024
Дата обновления
25 марта 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы