Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы

Батыс Қазақстан облысындағы Жастар саясаты саласындағы ахуал туралы

 

 

1.Негізгі көрсеткіштер.

Облыс бойынша жастар саны 186 577 адам, жалпы халық санының - 26,9% құрайды. Оның ішінде қалалық жерлерде – 104 276 адам, ауылдық жерлерде – 82 301 адам. Соңғы 5 жылда жастар санының төмендеуі байқалады (2020 жыл – 128 527 ( 29 жасқа дейін), 2021 жыл – 123 381 ( 29 жасқа дейін), 2022 жыл – 125 074 ( 29 жасқа дейін), 2023 жыл – 187 635 (35 жасқа дейін )).

Облыс бойынша кәсіптік-техникалық білім беретін 4 жоғары оқу орны мен 36 колледж бар. Облыстың 4 жоғары оқу орнында 25 686, колледждерде 15 692 студент оқиды.

  • NEET жастарының үлесі 2024 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша (еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар) – 4,8%. Оның ішінде облыс жастарының жұмыссыздық деңгейі - 3,6% құрады.
  • Ресурстық орталықтарда NEET санатындағы жастардың дерекқор базасы құрылып, осы негізде атаулы (NEET санатындағы жастарды облыстың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларына тарту бойынша) жұмыстар жүргізілуде.
  • Жастар ресурстық орталықтары.
  • Жастармен атаулы жұмыс үшін облыста 14 жастар ресрустық орталығы (1 облыстық, 1 қалалық және 12 аудандық) жұмыс жасауда (штат саны-250 адам).
  • Облыстық жастарресурстықорталығыжанында27 коворкинг орталық, 14-тен астам «Жайық жастары» еріктілер корпусы және оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару клубтары жұмыс жасайды.
  • Облыстық жастар ресурстық орталығымен жастарды қолдау бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылуда.
  • Жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау бойынша - «Жас маман» (50 рет, 13 мыңнан астам жастарды қамту), кәсіптік даярлау, түлектерді жұмысқа бағдарлау бойынша – «Болашағың өз қолыңда» жобалары
  • (48 рет, 7 мыңнан астам жастарды қамту), және апта сайынғы «Жастарға жұмыс!» бос орындар жәрмеңкелері (2024 жылдың басынан бастап облыс бойынша 30 Бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, облыстың 15 мыңнан астам жастары қамтылды).
    • Тұрақты түрде «Жастарға - Кеңес» жобасы жүзеге асуда. Бұл бағытта ресурстық орталықтардың мамандары халық көп жиналатын орындарда (сауда үйлері, көшелер, орталық базар, вокзал, саябақтар мен тынымбақтарда) жастарға арналған барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізеді.
      • 2024 жылдың IV тоқсанда 18 200 адам кеңес алды, 8 412 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
      • 2024 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары 21 405 жасқа теологиялық, заңгерлік, психологиялық және жұмысқа орналасу бойынша кеңес берді.
      • Жастарресурстықорталықтарыныңжобалары:«Менің жолым»-белгілітұлғаларментанысукеші, «Жаңа толқын» - студенттердіңшығармашылықбайқауы, «Салиқалы сұхбат сағаты» жобасы, «JROбарысы»еркінкүрес бойынша жарыс, «Қош келдің, сарбазым» сарбаздар кездесуі, «Алтыбақан ЛАЙФ»жастарфестивалі, «JASPARTY»жастаркеші, «Еліме саяхат» жобасы,«Киберспорт»ойынжарыстары, «Жастар жарқын болашақ»жастарлагері, «Білімділер додасы» зияткерлікжобасы.
      • Батыс Қазақстан облысында 51 жастар (26 Орал қаласында, 25 облыс аудандарында) қоғамдық ұйымдары және  республикалық жастар ұйымдарының 6 филиалы тіркелген.  Жастар ұйымдарының құрамында 10 000-нан астам белсенді жастар бар.
  1. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.
  • Ұлттық статистика Бюросының облыстық департаментінің мәліметіне сәйкес 2024 жылдың IV тоқсан бойынша жалпы жұмыссыздардың саны 17 003 адамды құрады, соның  4 136 жастар.
  • Жалпы жұмыссыз деңгейі 4,8% құраса, оның ішінде жастар араасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады.
  • 2024жылдың қорытындысы бойыншаБатысҚазақстаноблысында «2021-2025жылдарғаарналғанКәсіпкерліктідамытужөніндегіҰлттықжоба»шеңберінде8 876 жастар белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Оның ішінде: 3 758 бос жұмыс орындарына; 197 әлеуметтік жұмыс орындарына; 1 677 жастар практикасына; 767 қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға; 256 «Алғашқы жұмыс орны» жобасына; 19 «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына; 1 337 «Бастау Бизнес» жобасына; 136 грант; 615 онлайн оқыту; 114 кәсіптік оқытуға жолданды.
  • 2024 жылы «Жасыл Ел» жобасы аясында 1475 жас жұмысқа орналастырылды. «Студенттік құрылыс отрядтары» жобасы бойынша 200-ден астам жас жұмыс істеді.
  • 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жарияланып
    1
    млн.теңгеден 10 грант берілді.
  • 2024 жылы «Zhas project» бағдарламасы бойынша 8 жоба жарияланып, 8 адам 1 млн.теңгеден грант ұтып алды.
  • 2024 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 251 жас маман 1 млрд 949 694 000 теңге көлемінде кредит алса, 802 маман 296 098 000 теңге көтерме жәрдемақы алды.
  • 2024 жылы Жастар саясатын іске асыруға 216,08 млн.теңге бөлінді.
  1. 4. Жастарды  қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.
  • 2023жылыоблыста«ЖАЙЫҚ ЖАСТАРЫ» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарлама аясында жастарға жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен - 600 млн.теңге бөлінді. Бағдарлама аясында бүгінгі таңда жас отбасыларға 41 пәтер берілді.
  • 2025 жылға жергілікті бюджеттен 2 583 млрд.теңге қаржы бөлініп,
    140-тан астам жас отбасын қамту жоспарлануда.
  • Волонтерлік корпусты дамыту.
    •  Батыс Қазақстан облысында волонтерлер саны жыл санап артып келеді (2022 жылы- 12 мың, 2023 жылы - 13 мың, 2024 жылы-15 мың) волонтерді құрап отыр. Облыста бірнеше ірі волонтерлік топтар қызмет етеді: «Жайық жастары» волонтерлік корпусы», «Орал жастары», «Аялаған алақан» қайырымдылық қоры, «Жастар рухы» еріктілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы БҚОФ жанындағы Еріктілер қозғалысының орталығы, «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ БҚОФ волонтерлері және облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанында волонтерлердің «өңірлік фронт-офисі» жұмыс жасайды.
Дата публикации
11 августа 2022
Дата обновления
14 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы