2024 жылдың 7 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің өкілеттігі аяқталуына байланысты және Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлаулары тағайындалды.
9 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсынғандар.
9 кандидаттың 6-ы мемлекеттік қызметшілер, 2-і бюджет саласынан, 1-і басқа саладан.
Кандидаттардың орта жасы 38,7 жас, ең жас кандидат 28 жаста, жасы үлкені 59 жаста.
2 (22%) - кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 6 (67%) – ауданда, 1 (11%) облыс аумағында тұрады.
А.ж. 15 наурыздағы жағдай бойынша 6 кандидат тіркелді.
3 кандидатты тіркеуден бас тартылды (2 - біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты, 1 - өз өтініші негізінде).
БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ