2024 жылы 3 наурызда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Ардақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау округінде 209 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, олардың ішінде 141-і (67,46%) дауыс беруге қатысты.
Әкім болуға үміткерлер саны 3 адам, соның ішінде «AMANAT» партиясынан 1 адам, өзін-өзі ұсынған 2 адам.
Әкім болып «AMANAT» партиясы ұсынған Сатыбалдиев Мәди Жанғалиұлы сайланды.