Меню

Страницы

Статья

Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына арналған АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2020 жылғы 12 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы келесіні абарлайды:

  1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлауы және жариялауы, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына мына мекен-жай бойынша ұсынуы тиіс: Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, электрондық мекен-жайы: v.zheksembekova@election.gov.kz, a.khusainova@election.gov.kz.

  2. Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды.

  3. Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде сағат 18-де басталады және 2020 жылғы 11 тамызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

 

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

тел. 75-21-03, 75-23-69

a.khusainova@election.gov.kz

v.zheksembekova@election.gov.kz

https://t.me/electionelection

Дата публикации
07 июля 2020
Дата обновления
07 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы